Еліміздегі байланыс операторларының 26 миллион тұтынушысы бар. Халықтың 96 пайызына 2G, 87 пайызына 3G және 69 пайызына 4G байланысын пайдалануға мүмкіндік бар. Жыл соңына дейін қалған аудан орталықтары жоғары жылдамдықтағы 4G байланысы жеткізіледі. Ал, жалпы 2020 жылға дейін 500 тұрғыны бар ауылдық оркругтері де ұялы байланыспен қамтамасыз етіледі.