Бүгін Қазақстан дінтанушыларының 7-ші форумында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді. Форумда дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолдары кеңінен талқыға түсті. Сондай-ақ, еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді.
Жалпы, зайырлы мемлекет іргесін берік етуде білікті теологтар мен имамдардың рөлі маңызды. «Сонымен қатар, адамгершілік құндылықтарды насихаттау бағытында бүкіл қоғам күш біріктіруі керек», - дейді Нұрлан Ермекбаев.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
- Дәстүрлі емес деп айтпаймыз қазір. Деструктивті ағымдар. Жалпы, ұстаным қалыпты райға қайтып келе жатыр.