Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы боп өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы боп өзгертілді

30.11.2017

VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың сессиясында ел Үкіметі жанындағы республикалық және қалалық ономастика комиссиясы тұрғындардың өтініші бойынша қаланың орталық көшелерінің біріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы шешім қабылдады.

«Алматы - азаттықтың алтын бесігі. Сондықтан, мегаполистің төріндегі көшені Тәуелсіздіктің тұғырын бекіткен Елбасының атына беру - құрметтің белгісі». Танымал қайраткерлер осылай деді.

Нұрлан Оразалин,  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:

- Алматы қаласы мәслихатының өте оңынан келген шешімі деп бағалауымыз керек.

Депутаттардың шешімін алматылықтар көкейге қонымды деп қабылдады.

Қазақстан - ширек ғасырдан бері әлемге тұрақтылықтың тірегі ретінде танылды. Ал, Астананың бой көтеруі сол қуатымызды еселеді. Мұның барлығы Мелекет басшысы ұстанған сарабдал саясаттың жемісі. Жергілікті мәслихаттың шешімін қолдаған сенатордың ойы - осы.   

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 - Алматыдағы Фурманов көшесін Елбасымыздың атына беру мәселесін орынды деп санаймын. Негізінде әр атқарған қызметтің дер кезінде алатын бағасы болу керек.

Сондай-ақ, жергілікті мәслихаттың шешімімен Алматыдағы кеңестік кезеңнен қалған басқа да бірнеше көшенің атауы өзгеріп, оларға Қадыр Мырзәлі, Герольд Бельгер, Шыңғыс Айтматов, Талғат Бигелдинов сынды тау тұлғалардың есімдері берілді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу