Қазақстан дінтанушыларының VІІ форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дінтанушыларының VІІ форумы өтті

30.11.2017

Жыл басынан бері деструктивті ағым жетегінде кеткен 200-ден астам адам дәстүрлі дінге қайта бет бұрды. Бүгін Қазақстан дінтанушыларының VІІ форумында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді. Форумда дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолдары кеңінен талқыға түсті.

Дін түзу болса қасиет, теріс болса қасірет. Зайырлы ел болғандықтан, елімізде Тәуелсіздік жылдары тамыр жаймаған діни ағым кемде-кем. Алайда, мұның соңы түрлі келеңсіздіктер тудырғаны көпке мәлім. Саланы реттеу үшін былтыр білдей бір министрлік құрылған. Еңсерілген еңбек, ілгері басқан іс аз емес. Ең бастысы, жүздеген діни бірлестіктің ісі реттеліп, жарға жығар жүздеген жат пиғылды әдебиеттердің таралуына заңмен тыйым салынды.

Министрлік шетелде діни білім алып жүрген жастармен жақсы таныс. Осы күнге дейін ханаби масқабқа қатысы жоқ ілімнен сусындап жүрген жүзден астам отандасымыз елге оралған.

Форумда еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді. Жиынның басты мақсаты -  деструктивті ағым жетегінде кеткен азаматтарды кері қайтару және оларды қоғамға бейімдеу. Бұл істе білікті теологтар мен имамдардың рөлі маңызды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу