Мереке күндерін жақын-жуықтарымен қарсы алуға асығатын жолаушылардың талап-тілектері ескерусіз қалмады. Сұранысы мол бағыттарға 1000-нан аса вагон тіркеліп, қосымша пойыздар жүретін болды.
Секерхан Жүнісова үшін бұл – жағымды жаңалық. Себебі, туыстарының тойы мереке күндерге тұспа-тұс келген. Бастапқыда билет таппай қалармын деп қорыққан елордалық тұрғынның енді көңілі жайланып отыр.
Қосымша пойыздар «Астана Нұрлы Жол» вокзалынан Шымкентке қарай төрт рет, ал, Павлодардан «Астана-1» вокзалына үш мәрте жүреді. «Қарағанды-Қостанай» пойызы төрт рет жолаушылар тасымалдайды. Сондай-ақ, осы айдан бастап жаңа кесте шығады.
Айгүл Әбутәліпова, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры:
1-қаңтардан «Астана-Семей» жүрдек пойызы күн сайын жүретін болады. «Астана-Лениногорск» пойызының стандартты вагондары тальго вагондарына ауыстырылатын болады.
Осылайша, жол жүру уақыты 3 сағатқа қысқармақ. Ал, билет бағасы сол күйі қалады.
Нысаналы ЫҒЫЛ