Қарапайым халықтың арасында атом энергетикасы туралы ақпарат аз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарапайым халықтың арасында атом энергетикасы туралы ақпарат аз

05.12.2017

Сондықтан, жұрттың көбі атомды тек қауіпті қару немесе атом электр станциялары деп қана біледі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстанның ядролық қоғамы бірнеше жылдан бері жұртқа шынайы мағлұмат берумен айналысып келеді. Бұл туралы осы ұйымның директоры Наталья Жданова Мәскеуде өткен «АтомЭко-2017» атты конференцияда айтты. Ол бірнеше елдің ғалымдары қатысқан халықаралық жиында Қазақстандағы атом энергетикасы туралы тұрғындардың шынайы пікірін қалыптастыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, Астана қаласында 2 жылдан бері атом қуаты жөніндегі арнайы ақпараттық орталық жұмыс істеп тұр. Бұл жерден оқушылардан бастап ересектерге дейін атомның мүмкіндігі жайлы керекті мәлімет алады.    

Наталья Жданова, «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының директоры:

- Қазір Қазақстанда атом өнеркәсібі мен ядролық технологиялар қарқынды түрде дамып жатыр. Алайда, елімізде ядролық технологияның көмегімен радиациялық, фармацевтикалық дәрі-дәрмектер өндірілетінін, медициналық қондырғылардың залалсыздандырылатынын, пропилен, кровлен деген материалдардың шығарылатынын жұрт біле бермейді. Біз осы дұрыс ақпаратты халыққа жеткізуге тырысып жүрміз.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу