Жемқорлыққа қарсы топ жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қарсы топ жылды қорытындылады

05.12.2017

Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану, мекемелерде пандустардың жоқтығы, халықпен кері байланыс дұрыс орнатпау. Осы сынды олқылықтар біраз өңірдің мемлекеттік органдарында анықталған. Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ мүшелері 8 облысты аралап, осы отырыста атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жиналғандар бұл кемшіліктердің жойылуын қадағалауға уәде етті. Тіпті, кейбірі топтың ескертуін бірден ескеріп, іске кіріскен. Енді мұндай топтарды әр өңірде ұйымдастыру ұсынылып отыр.

Мұсағали Дуамбеков, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ вице-президенті:

- Біздің әр облысқа қайта-қайта баруға мүмкіндігіміз жоқ. Барлық облысты аралау үшін кемінде бір жыл керек. Біз оларға рейтинг жасаған жоқпыз. Бірақ, Павлодарда, Қостанайда біраз нәрсе көңілімізден шықты. Мысалы, Қарағанды облысында көп мәселеге өзіміздің ойымызды айттық. Сондай араларында бір алшақтық бар.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу