Алматы облысында электронды хаттама толтыру пилоттық жоба ретінде Талдықорған қаласында енгізіле бастады. Қағазбастылықтан құтылуды мақсат еткен бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге де бағытталған. Облыс орталығында жолда жүру ережесін бұзған азаматтарға арнайы бағдарламалар орнатылған планшет арқылы хаттама толтырылып, қолма-қол сол жерде шығарылып беріледі. Мұндай әдістің тағы бір ерекшелігі - әрбір заң бұзу дерегі туралы мәлімет бірден Ішкі істер министрлігінің базасына енгізіледі. Бүгінде талдықорғандық тәртіп сақшылары 3 жаңа электронды хаттама толтыру кешенімен қамтамасыз етілген.
Артықбек Пашаев, қала прокуроры:
- Мұның басты мақсаты - қағазбастылықтан бас тарту мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасында ашықтықты қамтамасыз ету. Сондықтан, бүгінгі таңда пилоттық жоба нәтижесімен 30-дан астам хаттама толтырылып, базаға енгізілді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ