Франция қалдықтарды өңдеу ісінің үздігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция қалдықтарды өңдеу ісінің үздігі

06.12.2017

«Франция қалдықтардан қуат өндіруде Еуропада алдыңғы қатарда. Сол себепті, біздің тәжірибеміз Қазақстанға пайдалы болады деп есептейміз». Бүгін Президент жанындағы Мемлекеттік іс басқару академиясында өткен кездесуде Франция елшісі Филипп Мартинэ осылай деді. Жиналғандар ЭКСПО көрмесінде көтерілген «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігіне тоқталды. Жалпы, француздар қалдықтарды қайта өңдеуде алдына жан салар емес. Сонымен қоса, көмірқышқыл газының ауаға таралуына шектеу қойған бірегей ел. 

Жан-Пьер Кордиер, «Тотал» компаниясының вице-президенті:

- Франция қалдықтарды өңдеуде қомақты тәжірибе жинады. Мен Қазақстан тарапының осы мәселеге деген ерекше ынтасын жоғары бағлаймын. Бұл салада екі елдің бірлесе атқарар жоспарлары жеткілікті. Ал, осындай кездесулер болашақ ортақ жобаларға негіз болады деп санаймын.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу