Қазақстан 20 жыл ішінде 450 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 20 жыл ішінде 450 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті

06.12.2017

Бүгін Сенат комитетінде «Дамуға ресми көмек туралы» заңды іске асыру мәселесі талқыланды. Сенаторлар жаһандық дамуға көмектесу біздің еліміздің сыртқы саясатының маңызды саласының бірі екенін атап өтті. 20 жыл ішінде Қазақстан 450 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті. Бұл салада жүйелі көзқарас пен тиісті үйлестіру болмағандықтан, Қазақстан заңнамасында дамуға ресми көмек ұғымы реттелмеген. «Дамуға ресми көмек туралы» заң қабылданғаннан кейін бұл мәселе реттеледі. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақстанның гуманитарлық және дамуға ресми көмек көрсету саласындағы күш-жігері әлемде соншалықты танымал емес. Бұл орайда Сыртқы істер министрлігі жеткілікті түрде жұмыс істемейді. Бұл - біздің еліміздің абыройы. Сол арқылы біздің елімізді халықаралық қоғамдастықтың жасампаз мүшесі ретінде сипаттайды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу