«Кazakh Invest» ұлттық компаниясы шетелдегі өкілдіктерінің санын арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кazakh Invest» ұлттық компаниясы шетелдегі өкілдіктерінің санын арттырады

08.12.2017

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде компания басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Қанешев айтты. Қазір 7 елде өкілдік бекітіліп, жұмыс істеп жатыр. Қосымша қай мемлекетте ашу дұрыс екені қарастырылуда. Сондай-ақ, бұдан бөлек, 10 елдегі Қазақстан елшіліктерінде инвестициялар жөніндегі кеңесші жұмыс істейтін болды. Олар ұлттық компаниямен бірлесіп немесе ұлттық компания өкілдері жоқ жерде инвесторлармен тікелей кездесу, келіссөздер жүргізеді. Еліміздің инвестициялық ахуалы жайында ақпарат беріп тұрады. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында жақында ғана өткен инвестициялық форумның қорытындысы шығарылды. Бұл шарадан соң елімізге қызығушылық білдіріп, түрлі салаға қаржы құюды көздеген шетелдік компаниялар көбейіпті.

Біржан Қанешев, «Kazakh Invest» Ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары:

- «Евротерминал» деген жоба жасалады. Елбасы тек қана шикізат емес, тауарлар шығару керек деп айтып кетті. Соған байланысты осы жұмыс жүргізілді. «Yildirim Holding» компаниясы жобаға кірісіп жатыр. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу