Сот жүйесі, мемлекеттік рәміздерді орналастыру және Конститутциялық кеңестің жекелеген ережелері нақтыланады. Бұл туралы Парламент Сенатының тиісті комитетінің кеңейтілген отырысында айтылды. Сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының міндеті ұлғаймақ. Яғни, конститутциялық заңда сақтандыру және банк қызметінің дамуына, электрондық коммерция мен инновациялық жобалардың жетілуіне жағдай жасау жайы қарастырылады. Отырыста «әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Бұл әкімшілік-құқықбұзушылық заңнамасын ізгілендіруге, бизнеске қысымды азайтуға және өзге де құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды болдырмауға бағытталған.
Нысаналы ЫҒЫЛ