Қазақ-герман Іскерлік кеңесінің 6-шы мәжілісі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-герман Іскерлік кеңесінің 6-шы мәжілісі өтті

06.03.2014
Қазақ-герман Іскерлік кеңесінің 6-шы мәжілісі өтті

Берлинде қазақ-герман Іскерлік кеңесі өтті. Бұл басқосуда  екі елдің сауда-экономика, шикізат, өндіріс, технология, инновация және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытудың мәселелері талқыланды.

 
Жиында Қазақстан тарапы дуальдық білімге және кәсіптік-техникалық кадрларды дайындаудың германдық үлгісіне аса қызығушылық танытып, біздің елде бұл тәсілді енгізудің мүмкіндіктерін саралады. 
 
Кездесудің соңын ала, тараптар қазақстандық экономиканы модернизациялау және индустрияландыруға мүмкіндік беретін бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.
 
Николас Кнауф, «Knauf» құрылыс компаниясының президенті:
Біздің компания Қазақстандық құрылыс материалдарын дайындау нарығына 90-шы жылдардың соңын ала келді. Менің ойымша, Қазақстанның экономикасы қазіргі қарқынмен дами беретін болса, құрылыс саласы өркендей береді. Президенттің халыққа Жолдауымен танысып шықтық. Онда, елді индустрияландырудың амал-шарты бүге-шүгесіне дейін жазылған. Бүгінгі қазақ-герман іскерлік кеңесінің біраз келісімдері, дәл осы Жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін жасалып отыр.
 
Петер Тильс, «Deutche Bank» компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы директоры:
Осымен 6-шы рет қазақ-герман іскерлік кеңесін өткіздік. Біз алдағы уақытта қандай жобаларды бірлесе жүргіземіз, қандай жеңілдік аламыз, қазақстандық экономиканың қай саласына инвестиция тартамыз, барлығы нақтыланды.
 
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу