Мемлекет басшысы елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған бірнеше іс шараға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев алдымен ЭКСПО конгресс орталығында ұйымдастырылған «Президент және Астана» атты фотокөрмені аралады. Бұл жерде билік өкілдері мен қарапайым халықтың алғаш Астанаға келу сәттері бейнеленген. Сондай-ақ, бас қаладағы алғашқы ғимараттардың суреттері де ілінген. Фотокөрме жұмысымен танысқан соң Елбасы 20 жылдыққа арналған арнайы концертке қатысты. Отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары ән шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.