Колледждерді тәмамдаған шәкірттердің 90 пайызы жұмысқа орналасқан. Бұл туралы «Экономиканың жаңа моделі аясында білікті кадрларды даярлау» деп аталған жиында айтылды. Жалпы, техникалық-кәсіптік білім беру деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Дегенмен, әлі де бірқатар салада маман тапшы. Жиналғандар өндірісте білікті кадрлардың жетіспеушілігін жою үшін дуалды білім беруді дамыта түсу керек екенін алға тартты. Сондай-ақ, Қазақстан туризм мен қоғамдық тамақтандыру салаларын да жетілдіргені дұрыс. Жазда өткен «ЭКСПО» көрмесі бір жағынан, бұл салаларға серпін берсе, екінші жағынан, кемшін тұстарын да көрсетіп берді. Сондықтан, жиында осы бағыттағы шаруалар пысықталып, бірқатар келісім жасалды.
Әнуар Жанғозин, Астана қаласы білім басқармасының басшысы:
- Туризм және қоғамдық тамақтандыру. Осы екі бағыт жалпы экономиканың дамуына жақсы бағыт береді. Осы бағыт бойынша кадрлар даярлау, бағдарламалар дайындау қажет. Сондықтан, біз кәсіпкерлермен, жұмыс берушілермен меморандумға қол қойып, осы жұмыстарды жалғастыра береміз.
Альбина ӘШІМ