Елімізде астықты тасымалдау үшін вагон жетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде астықты тасымалдау үшін вагон жетпейді

12.12.2017

Бүгін осы мәселе Мәжілістің комитет отырысында талқыға түсті. Осыдан 3-4 жыл бұрын 5 мыңнан астам астық тасымалдайтын вагон болғанн Ол кезде он мың вагонды сырттан жалға алатынбыз. Қазір 9 мыңға жуық вагонымыз бар бірақ, оны тиімді пайдалана алмай келеміз. Өйткені, барлығы делдардардың қолына кеткен, оны шешуге уәкілетті органның құзіреті жетпей, сан түрлі сылтау айтады. Оның үстіне бар вагондардың тозығы жеткен. Осыған дейін Павлодардағы жүк вагонын шығаратын зауыттың жұмысы жанданды, кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2,5 мың вагон жасауға лайықталған деп бөркімізді аспанға лақтырып, жақсылықтың жаршысы болып едік. Алайда, осыдан дәмелі мекемелер уәделі вагон жоқ деп жауырды жаба тоқып отыр.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Теміржолшылар қазіргі жағдайларды былайша айтқанда, бұрмалайды. Вагон тұрып қалды, анау болды, мынау болды... Ол былтыр да, алдыңғы жылы да болған. Ол ең басты кедергі болып табылмайды. Өзіміздің вагондарымызды да жалға берген жағдайлар бар. Көрші Ресейде 130 миллион тонна астық өндірілген. Соған біздің вагондар жалға берілген.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу