Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

10.03.2014
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Семейде мереке кезінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі қызды. Қалада Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары апта сайын қала тұрғындарына өз өнімдерін саудалайды.

 
Бұл - облыс әкімшілігінің бастамасы. Басты мақсат - тұрғындарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру. Көктем мерекесіне орай сауда-саттық жәрмеңкесін Абай ауданы ұйымдастырды.
 
Оған қатысқан 10-нан астам ірі шаруа қожалықтары ет, сүт өнімдерін көптеп әкелген. Баға арзан. Жәрмеңкеде саудадан бөлек, түрлі спорттық сайыстар да өтті.
 
Жанна Байғазиева, Семей қаласының тұрғыны:
Ет мол, баға қолжетімді. Етті 1000 теңгеден алдым.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу