Осыдан тура 20 жыл бұрын елімізде көші-қоны туралы қазақ тіліндегі алғашқы заң қабылданды. Маңызды құжат негізінде туған жерге оралған қандастарымызға үлкен қолдау жасалды. Елордада осыған орай жиын өтті. Бұл - Парламент тарихындағы ең ұзақ талқыланған заңдардың бірі. 1 жылдан астам уақыт ондағы маңызды тетіктер қызу талқыға түскен. Нәтижесінде сырттағы ағайынға құқықтық мәртебе беріліп, республикалық бюджеттен атамекенге оралуы үшін қаржылай қолдау жасалатын болды. Құжат негізінде елімізде арнайы көші-қон және демография жайлы агенттік те құрылған болатын. Сол уақыттан бері Қазақстанға 1 млн-нан астам қазақ көшіп келген.
Әкім Ысқақ, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы:
- Ұлт көп болмай, ол мықты болмайды. Сондықтан, қазақ елінің абыройының асқақтауына біздің шеттен келген ағайындардың да атсалысып жатқандығына өмірдің өзі куә.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ