Елімізде жемқорлық деңгейі азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жемқорлық деңгейі азайған

14.12.2017

Осыдан екі жыл бұрын «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» қабылданған болатын. «Осының нәтижесінде пара алу мен пара беру фактілері төмендеген» дейді осы саладағы шетелдік мамандар. Енді осыны әрі қарай жетілдіру үшін Грузия мен Латвиядан келген сарапшылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мамандарына семинар-тренинг өткізді. Ең әуелі қажетті ақпаратты халыққа жеткізуді басты назарға алу керек. Оның үстіне тиісті мәлімет қысқа-нұсқа және түсінікті болуы шарт. Жемқорлықтың азаюына негіз болатын тағы бір себеп - барлық қызмет түрін электронды процеске көшіру. Осы бағытта жұмыс істеуді бастаған аймақтар қазір жақсы нәтижеге қол жеткізуде.

Біржан Хайруллин, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика басқармасының басшысы:

- Бұл электронды процес сыбайлас жемқорлық, соның ішінде тұрмыстық жемқорлықты азайтып отыр. Мысалы, кеше ғана Орал қаласында «Смарт-Сити» деген орталық ашылды. Бұл жерде ХҚО, Кәсіпкерлерді қолдау орталығы және Құқықтық қызмет көрсету орталығы бар. Үшеуі бір жерге орналастырылған. Яғни, халық сол жерге келіп, барлығын электронды түрде ала алады. Адамдар арасында тікелей байланыс болмаса, жемқорлықтың азаюына тікелей кепілдік бола алады.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу