Биыл әуе рейстерінің уақытылы келмеуі және жүру мерзімінен кешігу оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артқан. Бұл туралы Ұлттық авиация комитетінің өкілдері хабарлады. Мамандар мәліметінше, оған себеп әуе кемелерінің кешігуі, техникалық олқылықтар, ауа райының қолайсыздығы және адами фактордың да ықпалы бар. Бұған қоса, Астана, Алматы әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жұмыстарының жүргізілуі де өз әсерін тигізген. Елдегі беделді авикомпания өкілдері бас қосқан кезекті жиында алдын алу шаралары талқыға салынып, алдағы салқын мерзімде қауіпсіздік шарасын қатаң қолға алу керектігі айтылды.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ