Аралдың экологиялық ахуалын жақсарту үшін Орталық Азия елдері күш біріктіруі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аралдың экологиялық ахуалын жақсарту үшін Орталық Азия елдері күш біріктіруі керек

19.12.2017

Яғни, халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысына барлық тарап белсенді араласуы қажет. Бұл туралы Мәскеуде өткен «Орталық Азияның су проблемалары: Аралды қалай құтқарамыз?» атты дөңгелек үстелде айтылды. Жиынға Ресейдің белгілі мұхиттанушы ғалымдары қатысты. Мамандардың пікірінше, соңғы жылдары Қазақстан тарапы қолға алған жобаның арқасында Кіші Арал қалпына келді. Алайда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан бұл іске бел шеше кірісіп отырған жоқ. Ендігі мақсат – бірнеше ел бірігіп, Аралды толық қалпына келтірмесе де, теңіздің қазіргі бар көлемін сақтап қалып, оның ары қарай табиғи түрде дамуына ықпал етуі керек. 

Анатолий Крутов, Н. Зубов атындағы мұхиттану институтының аға ғылыми қызметкері:

- Арал проблемасын шешуде халықаралық Аралды құтқару қорының маңызы өте зор. Бұл осы бағытта жұмыс істеп жатқан жалғыз ұйым, әзірге оның баламасы жоқ. Арал теңізіндегі экологиялық жағдайдың қиын екені белгілі. Алайда, саяси, экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты  әрбір мемлекеттің белсенділігі де әртүрлі. Дегенмен, барлық тарап күш біріктірмей Арал проблемасы ешқашан шешілмейді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу