Елордада «Тілектер шыршасы» атты акция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Тілектер шыршасы» атты акция басталды

21.12.2017

Яғни, желтоқсанның 29-на дейін  «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығының 3-қабатына қойылған шыршаға  балалар тілек жазып кете алады. Осы аралықта еріктілер мен министрлік қызметкерлері балалардың тілектерін орындап, үйлеріне сыйлықтарын апарады. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары да балақайлардың жаңа жылдық тілектерін орындауға атсалыса алады. Іс-шараның мақсаты – психикалық-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты ауруларына шалдыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету. Акцияны Астана мейірімділер клубы мен Ішкі істер министрлігі ұйымдастырып отыр.  

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Балалар ешқашан жыламауы керек. Олардың барлығы бақытты болуға тиіс. Осы Жаңа жыл қарсаңында барлық балалар сыйлық күтеді. Біздің қызметкерлер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр. Жаңа жыл қарсаңында осындай игі іс-шараларды қолға алдық. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу