Мәжіліс депутаттары мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесін ортаға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесін ортаға салды

21.12.2017

2015 жылы Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 650 мың болды. Оның ішінде 18-ге толмағандар 72 мыңнан асқан. Өкінішке орай, жыл сайын елімізде осы топтағы адамдардың саны артып келеді. Бүгін Мәжіліс депутаттары мүгедектерді алаңдатқан проблемаларды ортаға салды. Біздің елімізде мүгедектік мәселесі әлеуметтік емес, медициналық тұрғыдан қаралады. Ерекше күтімді қажет ететіндерді әлі толық мамандармен қамтамасыз ете алмай отырмыз. 2015 жылы мүгедектердің құқығы туралы конвенцияны ратификацияладық, дегенмен түйткілдер көп.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Ақыл-есі кем балалар базалық академиялық білім ала алмайды, олар қоғамдық өмірге де белсене араласпайды. Сондықтан да осы мәселелерді шешу үшін заңнамалық тұрғыда өзгертулер қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалардың  сапалы мектепке дейінгі білім алуында да құқығы бұзылуда.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу