«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» үш облыста мыңнан астам пәтер береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» үш облыста мыңнан астам пәтер береді

21.12.2017

Мұны аталған банктің басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді. Банк басшысының айтуынша, алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында - 1 630 пәтер, Қостанай облысында - 1 260 пәтер, ал Маңғыстау облысында 1 068 пәтер салымшыларға беріледі. Олардың барлығы осы жылдың соңына дейін және келесі жылдың басында өз баспаналарына кіре алады. Сондай-ақ, жиында «Нұрлы жер» аясында көппәтерлі үйлерден бөлек, коттедждер де салына бастағаны белгілі болды. Ол жағынан Қостанай облысы жақсы жетістіктерге жетті. Қазір Заречный кентінде коттедждер таратыла бастаған. Бір шаршы метрдің бағасы - 120 мың теңге. Мұндай бастама келесі жылы Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасын табады. Ал, жалпы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ағымдағы  жылы 145 үй қабылдаған.

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы:

- 145 үй ол - 8 672 пәтер. Осы уақытқа дейін 4 000 пәтердің бәрі салымшыларға таратылды. Жылдың аяғына дейін республика бойынша тағы 53 үй пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Ол тағы 4 879 пәтер. Өкінішке қарай, біз соның барлығын жылдың аяғына дейін таратып үлгермейміз. Себебі, пәтерлердің құжаттарын әзірлеп, келісімдерді рәсімдеу керек. Салымшылар әрбір пәтерді қабылдауы тиіс. Оған біраз уақыт кетеді.

Хабарламаларға жазылу