Экспорт көлемін еселеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экспорт көлемін еселеу керек

12.03.2014
Экспорт көлемін еселеу керек

2014 жыл еліміз үшін экономикалық тиімді жыл болады. Елбасының 2050 жылға дейінгі Стратегиясында түзілген экономикалық тапсырмалардың да бірсыпырасы биыл орындалады.

 
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономикалық зерттеу институтының сарапшылары елдегі экономикалық ахуалды жоғары бағалады.
 
Қазірде Қазақстан экономикасы тұрақты. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, аталған салада ілгерілеу байқалады. Экономика өсімі 6 пайызды құрап, инфляция төмен деңгейде сақталған.
 
Алайда, алда атқарар шаруа да шаш етектен. Кез келген елдің экономикасы оның экспортына тікелей тәуелді. Бізде де солай. Алаңдататыны, шетел нарығында қазақстандық тауар аз. Сондықтан, отандық экспортты еселемесе болмайды.  
 
Мақсат Мұқанов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы:   
Қазіргі басты міндет - тартылған инвестицияларды қайта өңдеуші секторға қарай ойыстыру. Мұнда инвесторлармен жұмыс істей білудің де маңызы зор. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге инвестициялық жеңілдіктер мен салық салуда қолайлы жағдай қарастырылған. Алдағы міндет - бәсекелестікке ұмтылу.
 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу