Оның дені пара алу мен қызмет бабын асыра пайдалану деректері. Бұл деректер «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Жемқорлық деректері құрылыс, медицина, білім беру салаларын дендеген. Әсіресе, Ішкі істер органдарында бармақ басты, көз қыстылық тыйылмай тұр. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл проблеманың түпкі себебін анықтап, оны жою жұмыстарына нұсқаулықтар жасайды.
Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қызылорда облысының құқық қорғау органдарының статистикасына қарасақ, облыста заңбұзушылықтар көбейіп келе жатыр. Динамикасы сондай болғаннан кейін сұрақты жоспарға кіргізгенбіз. Нәтижесін өзіміздің қаулы ретінде шығарамыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ