Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» жаңа есімдермен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» жаңа есімдермен толықты

22.12.2017

Елімізде теңдесі жоқ жоба өңірде 2005 жылдан бастап жүзеге асып келеді. 12 жылдың ішінде аймақтық кітапқа 184 жастың есімі жазылды. Үздіктердің қатарын биыл тағы да 11 лауреат толықтырды. Марапат иелері өнер-білім, оқу-ғылым, спорт пен бизнес салаларында жетістікке жетіп, өңірдегі жастар саясатының дамуына атсалысып жүрген белсенді азаматтар.

Төленді Әлғожин, «Алтын кітап» лауреаты:

- Бүгін мен үшін ерекше күн. Тарихта қалатын күн. Өйткені, Қостанайдың өнерлі жастарын бағалап, құрметтеп жатыр. Өнерлі жастарымыз көп болсын!

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу