«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа» орталығында өнердегі және өмірдегі жұп Бүркіт пен Аишаның концерті өтті. Кештің жаңалығы - Бүркіттің бауыры Әлимен дуэт орындауы болды. «Үлкен сахнаға шығып бірге ән орындау – анамыздың тілегі», дейді әнші.
Репертуарындағы көп әндердің сөзін анасы Айша Көпжасарова мен белгілі ақын Ринат Зайытов жазатынын айтты.
Жұлдызды жұп кеште көпшілікке танымал «Мемлекетім - Қазақстан», «Тау-тау сезім», «Бәрі жақсы болады» сынды әндерін орындады.
«Алматыға келіп, үлкен сахнаға шықсам, танымал болсам деп армандайтынмын», деп алғаш сахнаға аяқ басқан кезін еске алған өнер жұлдызы қазір сол арманының шыңында екенін жеткізді.
Концерт соңында кеш иелеріне «Сәлем, Қазақстан!» жобасы ұжымының атынан естелік сыйлық тарту етілді.
Кешті әнші «Үш ағайын» термесімен ашты
Кеш жүргізушілері - Тәуекел Мүслім мен Ерке Есмахан
Кеш қонағы - Қанат Сыбанов
«Ашық микрофон» айдары