Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде релакс кабинет ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде релакс кабинет ашылды

25.12.2017

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде қызметкерлердің психологиялық, эмоциялық жағдайларын реттеуге арналған бөлме ашылды. Енді кез-келген тәртіп сақшысы қалаған уақытында бұл жерге келіп тыныға алады. Мұнда жүйкені тыныштандыру үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалған. Арнайы психолог мамандар қызмет көрсетеді. Бөлмеге кірген қызметкер бұлбұл құстардың үнін, аққан бұлақ сылдырын естіп, табиғатта жалғыз жүргендей әсер алады. Жалпы, мұндай бөлмелер батыс елдерінде бұрыннан тәжірибеге енгізілген. Бұл ауыр жұмыста жүрген сақшылардың күйзеліске ұшырамауына мүмкіндік береді. Айта кету керек, өңірде соңғы екі жылда екі полицей түрлі себеппен өз-өзіне қол салған.

Тілеулес Тоқтабеков, облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы:

- Жинаған стерссті жеңілдетуге арналған бүгінгі психоэмоциялық релаксациялық бөлімнің ашылғанына өте қуаныштымын.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу