Өскеменде апат кезінде күйіп қалған жұмысшы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде апат кезінде күйіп қалған жұмысшы қайтыс болды

28.12.2017

Өскемендегі денесінің 70 пайызы күйіп қалған жұмысшы бүгін ауруханада көз жұмды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын қаладағы май шығару зауыттарының бірінде қазандық жарылып, апат болды. Екі адам жапа шегіп, ауруханаға түсті.  

Зауыттағы апат туралы әлеуметтік желілерге тарап кеткен бейнежазбадан соң ғана белгілі болды. Ал, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге шақырту түспеген. Бүгінде бұл оқиға бойынша арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы тұрғысынан қылмыстық іс қозғалды.  

Рамиль Болатқан, Индустриалды даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің бөлім бастығы: 

- Апат себептерін анықтау үшін тергеу жүрігізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды, қайғылы оқиға бойынша тергеу ісі аяқталған соң ғана жан-жақты ақпарат беріледі. Зауыт директорының айтуынша, жапа шеккен отбасыға өтемақы төленеді. 

Хабарламаларға жазылу