Қоғамдық орындар мен көшелерде орналасқан камералардың көмегімен 376 әкімшілік құқықбұзушылық әшкере болды. Ал, Жаңа жыл түні «Челябинск-Новосибирск» тас жолында орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетіне бетперде киген белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасады. Күзет агенттігінің қызметкері қарақшылардың біріне оқ атып, кассир әйел екінші басбұзарға пәрменді қарсылық көрсеткен соң қарақшылар дереу қашып кеткен. Оларға іздеу жарияланды. Ал, қаладағы дүкендердің бірін тонамақ болған 20 жастағы күдікті ұсталды.
Сағындық Жантеміров, СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:
- Қазіргі кезде дүкенге жасалған қарақшылық шабуыл ашылды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанар-жағармай станциясына жасалған шабуыл бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстың ашылуы департамент басшылығының ерекше бақылауында.