Алматы облысына іссапармен барған Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов еңбек ардагерлерімен, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Халық қалаулысы жиналған қауымға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын, елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын баяндады. Бір кездері өзі басқарған Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Облыс тұрғындарының ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев берген тапсырмаларды ойдағыдай орындап, мемлекеттің дамуына қосқан еңбектерін атап өтті.
Серік Үмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Елдің көңіл-күйі өте жақсы. Облыстың көрсеткіштері де жақсы. Ақсақалдарға кезігу, осы кісілермен пікір алысу бізге келешекке үлкен бағдарлама болады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ