Абырой болғанда, аман. Төртеуі де жеңіл-желпі жарақат алған. Жалпы, өңірде жаңажылдық демалыс күндері 6 өрт оқиғасы тіркелген. Соның бірі 1-қаңтар күні Оралда саяжай аумағында болды. Тұрғын үй түгелдей өртеніп кеткен. Оқиға орнынан адам сүйектерінің қалдығы табылып, сараптамаға жіберілген. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді қамтыған.
Жазира Әбдрахманова, БҚО ТЖД Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы:
- Қазіргі кезде табылған сүйек қалдықтарының тиістілігін анықтау мақсатымен Ішкі істер органдары тергеу амалдарын өткізуде. Өртті сөндіруге 2 бірлік техника мен 12 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі мен шығыны, кінәлі тұлғалар анықталуда.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ