Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі хабарлады. 3-қаңтар күні Алматы қаласында жеке тұлғадан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ІІМ Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі мен Тергеу департаментінің аға тергеушісі ұсталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ