Мәжіліс депутаттары атыраулық кәсіпкерлермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары атыраулық кәсіпкерлермен кездесті

05.01.2018

Мәжіліс депутаттары атыраулық кәсіпкерлермен кездесіп, бірқатар мәселелерімен танысты. Алдымен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған Елбасы тапсырмасының мақсатын түсіндірді. Одан соң сауда орнын аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Халық қалаулылары жас кәсіпкерлермен де жүздесті. Оларды толғандыратын басты мәселе - екінші деңгейлі банктерден несие алу қиындығы. Өйткені, «банктер аталмыш саладағы жастардың тәжірибесіздігін алға тартып, несие бермей жатады», - дейді кәсіпкерлер. 

Нұрлан Азаматов, кәсіпкер:

- Жастарға келген кезде кәсіпкерлік тәжірибесі жоқ деп, көпшілігі жоқ дейтін жауап алады. Ал, бұл өз кезегінде жаңадан бастап келе жатқан стартап кәсіпкерлерге қиындау болып келеді. Біз ұсынысымызды айттық. Халық қалаулылары осы мәселеленің өзекті екенін ескере отырып, алдағы уақытта мұның механизмін шешуге, жеткізуге уәде етті.

 

Ж. ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу