Еліміздің үш облысында газ қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің үш облысында газ қымбаттады

05.01.2018

Ақтөбе облысында 1 текше метрі 8 теңге 89 тиынға көтеріліп, өсім 7,5 пайызды құрады. Батыс Қазақстан облысында баға 15 теңге 90 тиынға жетті. Өсім 3,6 пайыз. Ал, Жамбыл облысында бұған дейін 1 текше метрі 23 теңге болса, енді тұрғындар 24 теңге 35 тиын төлейтін болады. Өсім 4,2 пайыз. Жауапты мамандардың сөзіне сенсек, бағаның өсуіне тасымалдау қызметі әсер еткен. 

Айзада Жақыпбаева, ҚР ҰЭМ  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің  бас сарапшысы:

- Бағалардың өсуі «ҚазТрансГаз» АҚ газ таратушы жүйелері арқылы газды тасымалдау қызметтері тарифтерінің өсуіне байланысты болып отыр. Осымен баға тұрақталады. Әрі қарай өспейді.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу