Халықты газдың қымбаттауы алаңдатып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты газдың қымбаттауы алаңдатып отыр

08.01.2018

 

Ақтөбеде Жаңа жылдан бастап коммуналдық төлем бағалары қымбаттады. Көгілдір отын бағасы да артты.

 

Бұл мәселе өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттарының назарынан да тыс қалмады. Тұрғындар тарапынан газ бағасының қымбаттауына қатысты сұрақ жиі қойылған соң, халық қалаулылары «ҚазТрансГазАймақтың» өңірдегі филиалына барды.

 

Тұтынушылар үшін көрсетілетін жедел қызмет түрінің тиімділігін бағамдап, өндірістік техникалық және күрделі құрылыс бөлімдерінің жұмыс сапасын көрді.

 

Соңғы екі жылда газ тарту жұмыстарына қомақты қаржы жұмсалғаны анықталды. Бұл газ бағасының қымбаттауына түрткі болған.

 

Мәселен, Жаңа жылдан бастап тауарлық газ бағасы жеке тұлғалар үшін 8 пайыз, заңды тұлғалар үшін 4 пайызға өсті.

 

Дәния Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бізге қойылған сұрақтардың арасында газ бағасы бір жыл ішінде екі рет өсті дегендер көп. Сол үшін келдік, көрдік. Не үшін қымбаттағанын білейік дедік. Басшыларының айтуынша, екі жылда газға жиырма бір миллиард теңге бөлінді. Енді сол ақшаны қайтару керек.

 

 

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу