Жекешелендіруден бюджетке 164 млрд теңге қаржы түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендіруден бюджетке 164 млрд теңге қаржы түсті

18.01.2018

Жекешелендіру науқаны бойынша бюджетке 164 млрд. теңге қаржы түсті. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 476 нысан саудаға шығарылды. Соның 367-і сатылған. Қазір Үкімет инвентаризация жұмыстарын жүргізуде. Яғни, қайта сараптап, сатылымға жаңа нысандарды шығарады. Осы күнгі жағдай бойынша жекешелендірудің кешенді жоспарында 902 ұйым бар. Алдағы уақытта бұлардың қатары тағы көбеюі мүмкін. «Ең басты мақсат - елге инвестор тарту және сапалы бизнес жүргізу», - дейді Үкімет мүшелері.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Жалпы айтқанда, жекешелендірудің екі мақсаты бар. Біріншіден, Үкіметтің шығындарын азайту. Екіншіден, Қазақстанға салмақты инвесторларды тарту. Басында 780 мекеме болды. Қазіргі уақытта 902. Оның алғашқы 78 пайызы сатылды. Бұл - жақсы жетістік.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу