Елімізде шала туылған нәрестелердің 38-40 пайызында ретинопатия ауруы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шала туылған нәрестелердің 38-40 пайызында ретинопатия ауруы бар

23.01.2018

Елімізде шала туылған нәрестелердің арасында кездесетін ретинопатия ауруы бүгінде ең қиын дерттің біріне айналды. Яғни, ауыр жағдайда туған сәбилердің көзіне дер кезінде операция жасалмаса, болашақта қос жанарынан мүлдем айырылуы мүмкін. Алматыда өткен жиында белгілі мамандар осылай деп дабыл қақты.

Дәрігерлердің сөзінше, Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық шақалақ шала туады. Олардың 38-40 пайызында ретинопатия ауруы бар. Ал, көбісіне арнайы жабдықтың жоқтығынан дер кезінде офтальмологиялық операция жасалмайды. Сондықтан, қазір мамандар «Періште» қайырымдылық жобасын ұйымдастырып, аймақтардағы перинатальдық орталықтарды лазерлік аппаратпен жабдықтап жатыр. Өйткені, ретинопатия кеселі бар сәбилерге туғаннан кейін 24-72 сағаттың ішінде ем-дом жасалуы тиіс. 

Нейля Алдашева, «Қазақ көз аурулары» ҒЗИ стратегиялық даму және ғылым бойынша басқарма төрағасының орынбасары:

-  Лазерьмен лазерь-коагуляцияны жасауға болады. Жыл сайын осындай лазерь бүкіл республикада 1000 балаға көмек жасап жатыр. 

Амангелді СЕЙІТХАН           

Хабарламаларға жазылу