Алматыда «Халықаралық қысқы мектеп -2018» шарасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Халықаралық қысқы мектеп -2018» шарасы басталды

23.01.2018

Алматыда ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша оқитын студенттердің біліктілігін арттыруға арналған «Халықаралық қысқы мектеп -2018» шарасы басталды.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде 3 ақпанға дейін өтетін жобада «Су ресурстарын басқару», «Жасыл экономика» сияқты тақырыптар талқыланады. Аграрлық ғылымды заман талабына бейімдеп, дамытуға арналған дәстүрлі шараға алыс-жақын шет мемлекеттердің де мамандары келді. Осылайша, оқу орнының басшылығы сала кадрларын даярлауда озық тәжірибені енгізбекші. Ал, Қазақ елінің ауыл шаруашылығы мамандарының бастамасына әлемнің әр қиырынан келген сарапшылар қызығушылық танытып отыр. 

Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Университеттегі инновациялық жолдың дамуы негізінен ғылымданған өндіріс арқылы жастарға әлем талаптарына сай білім беруіміз керек. Жаңа технологияны тартуымыз қажет. Қазақстандағы аграрлық сектор, агроөндіріс кешеніне мемлекет жағынан, жалпы, Елбасының ерекше қолдауы үшін ғалымдардың атынан рахмет айтқым келіп отыр.   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу