Мемлекеттік сатып алуға талаптар өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алуға талаптар өзгереді

25.01.2018

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу талаптары өзгереді. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасының таныстырылымы өтті. Қазіргі таңда конкурстық құжаттардың ішінде артық қағаздар көп. Ондайда тапсырыс беруші кез келген компанияның өтінімін оп-оңай кері қайтара алады. Осыған байланысты тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіп, сатып алу талаптарын жеңілдету көзделіп отыр. Алайда, тауар мен қызметтерді жеткізуші компаниялардың санына емес, жұмыс сапасына баса назар аударылады. Ал, жұмыс сапасы қалай анықталады? Алдымен салықтық жүктеменің мөлшері есепке алынады. Бұдан бөлек, компанияның қаржылық тұрақтылығы мен жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Заң жобасы аясында демпингке қарсы норманы енгізу көзделген. Сондай-ақ, енді әкімдер мемлекеттік сатып алуларға қатысты комиссия құрамында болмайды, яғни, «бармақ басты, көз қыстымен» нақты бір компанияның мүддесі үшін шешім қабылданбауы тиіс. 

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттік сатып алуды да автоматтандыру жүйесін дұрыс деңгейде енгізу.  Әсіресе, облыстық, аудандық деңгейдегі сатып алуларды электронды форматқа аудару. Камералдық бақылау арқылы әр азамат өзінің конкурста өткен тиісті мәселелерін жазып, оған Үкімет қарап, шешім қабылдауы керек.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу