Оған жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінбек. Қостанай өңірі агроөнеркәсіп кешендеріне озық технологияларды қолдану ісінде пилоттық өңір ретінде таңдалды. Қазір 700-ге жуық кәсіпорын цифрландыру элементтерін пайдаланады. Егіс алқабының жағдайын қадағалау үшін жерсеріктік мониторинг қолданылып, малға чип орнатылды. Осындай жаңа технологиялардың тілін жетік меңгерген мамандарды даярлау мақсатында агротехнологиялық хаб құрылады. Бұл бастамаға Азиялық даму банкі 112 млн. теңге бөледі.
Мейіржан Мырзалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
- Мал шаруашылығында бүкіл мемлекеттік субсидияларды фермерлерге цифрлық түрде беру қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігімен қаралып отыр. Облыс бойынша 18 мемлекеттік субсидияның екеуі автоматтандырылған.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ