Ядросыз әлем құру - өміршең бастама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядросыз әлем құру - өміршең бастама

01.02.2018

Қазақстанның 2018 жылдың алғашқы айын БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуімен бастауы - Мемлекет басшысының әлемдік қоғамдастық алдындағы елеулі еңбегі.  

Алматыдағы Орталық Азия университетінде өткен жиында дипломаттар осыны жеткізді. Олардың ойынша, Қазақстан Президенті ядросыз әлем қалыптастыруда жаһанға үлгі көрсетті. Бастама құр догма емес, нақты іспен дәлелденген жұмыс. Мысалы, біздің Семей полигонын бірінші болып жабуымыз тарихи шешім. Ал, бұл еліміздің экономикалық дамуына зор әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақ елінің іргелі ісі дәл қазір атом қаруын шығарып, оны сынауды тоқтатпай отырған өзге мемлекеттерге сабақ болуы қажет.  

Жұматай Әлиев, Орталық Азия университетінің ректоры:

 - Бірінші мемлекет болып өз еркімізбен ядролық қарудан бас тарттық. Қазір 40 шақты мемлекетте ядролық қару бар. Олардың бәрін тоқтату керек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу