Айыппұлдан жалтаратындар азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айыппұлдан жалтаратындар азаймай тұр

06.02.2018

Алматылық сот орындаушылары айыппұлы бар азаматтарға қатаң шаралар қолдана бастады. Өйткені, өз еркімен қарызын төлейтіндер азайған. Тіпті, 2,5 - 3 млн. теңге айыппұлы барлар берешектерін өтемей, құзырлы органнан жалтарып жүр.  Мысалы, былтыр сот орындаушылары жергілікті қазынаға 500 миллионнан астам айыппұлды төлеткен. 94 борышкерге әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, олар қарызы көп азаматтардың шетелге шығуына тыйым салып, карталарын бұғаттады. 

Абзал Әділов, Қалалық Әділет департаменті әкімшілік айыппұл өндіру бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда Алматы қаласының Әділет департаментінде әкімшілік айыппұл өндіру бөлімінде 80 млн-нан аса әкімшілік айыппұл бар. Бірінші тоқсанның аяғында толығымен өндіруді жоспарлап отырмыз.

Амангелді СЕЙІТХАН    

Хабарламаларға жазылу