Астанада Сирия бойынша келіссөздер жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Сирия бойынша келіссөздер жүргізіледі

06.02.2018

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі келіссөздерінің келесі раундын ақпанның 20-на қарай өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Дегенмен, министрдің айтуынша, нақты қай күні және әңгіме қандай түйткілдер төңірегінде өрбитіні әзірге белгісіз. Кепіл мемлекеттердің өкілдері Астанада өтетін кезекті жиынға дайындалып жатыр. Атап өтерлігі, Астана процесінің соңғы кездесуі елордада желтоқсанның 21-і мен 22-і күндері өткен еді. Ол кезде кепіл мемлекеттер тұтқында жатқан адамдарды қадағалау бойынша жұмыс тобы туралы ереже қабылдап, Сириядағы миналарды жою бойынша гуманитарлық үрдіс жөніндегі ортақ мәлімдемені бекіткен еді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Қалыптасқан дәстүр бойынша гарант елдердің өкілдері өзара келе жатқан раундтың тәртібін талқылап жатыр. Бізге мәлімдеме берген соң, Сіздерге жариялаймыз.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу