Жамбыл облысында кәсіпорындар мен мекемелерде былтыр 63 жазатайым оқиға тіркелді. 67 адам зардап шегіп, 16 жұмысшы қайтыс болды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы таратқан мәлімет бойынша, өткен жылы өңірдегі 377 кәсіпорында 59 мыңнан астам адам денсаулыққа зиянды әрі қауіпті жұмысқа тартылған. Нәтижесінде, 4,2 млрд теңге өтемақы төлеуге жұмсалған. Халықты жұмыспен қамту заңнамасын бұзу деректері де бар. Бұл бағытта өңірде 36 заңбұзушылық тіркелген.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ