Тарихшылар: Алаш идеясы – бүгінгі заманның берік діңгегіне айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихшылар: Алаш идеясы – бүгінгі заманның берік діңгегіне айналды

07.02.2018

«Алаш идеясы – бүгінгі заманның берік діңгегіне айналды. Қайраткерлер көксеген ұлт мұраты мен елдік мүдде бейбіт қоғамның басты бағдары». Мектеп оқушылары алдында сөз алған тарихшылар осылай деді. Сондай-ақ, жиынға Алашорда үкіметін құрушылардың ұрпақтары да қатысты. Олар екі дәуір сабақтастығын салмақтап, аталарының аманаты орындалғанын айтады. «Алаш идеясынан «Рухани жаңғыруға» дейін» конференциясын ұйымдастырып жүргізген әрі тыңдармандары – білім ордасының шәкірттері. Осылайша, «ұлт көсемдерінің іргелі істерін кейінгі ұрпақ ескеріп өссе есті болады»,-дейді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу