Ол орбитаға «Союз» зымыран-тасығышымен аттандырылды. Ұшу ойдағыдай өткен. «Прогресс» Халықаралық ғарыш станциясы экипажының жұмысына аса қажетті отын, оттегі, ғылыми тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар, азық-түлік және су апарады. Кеме діттеген жеріне ертең жетуі тиіс. Бұл зымыран жексенбі күні көкке самғауы тиіс еді. Алайда, старт алдында оның қозғалтқышы өздігінен өшіп қалған. Кейбір мәліметтерге сай, борттағы компьютерлердің біреуі істен шықса керек. Ақау табылған машина кейін жаңасына ауыстырылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ