Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған емхана пайдалануға берілді. Емдеу мекемесі соңғы үлгідегі еуропалық аппараттармен жабдықталған. Бір күнде 500 адамға 9 бағыт бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Арнайы цифрлық форматтағы тіс рентгені мен УЗИ қондырғысы облыста алғаш рет осы емханаға қойылып отыр. 50 адам жұмыспен қамтылды.
Венера Гафурова, емхананың бас директоры:
- Дәрігерлер жеткілікті. Кейбір мамандарды өзге қалалардан шақырдық. Мысалы, германиялық технологиямен тіс имплантациясын жасайтын маман біздің өңірде жоқ болғандықтан, Алматыдан білікті дәрігер келіп, қазір жұмыс істеуде. Алдағы уақытта қызмет түрлерін көбейтеміз. 50-70 орынға лайықталған күндізгі стационар ашу да жоспарда бар.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ