Ипотеканы жеңілдету үшін ұсыныстар әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ипотеканы жеңілдету үшін ұсыныстар әзірленуде

14.02.2018

Ипотеканың пайыздық үстемақысын субсидиялау бағдарламасы діттеген жоспарға жете алмады. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Былтыр министрлік 8000-ға жуық ипотеканы жеңілдетеміз деп жоспарлаған. Алайда, бұл мақсат орындалмаған. Сондықтан да қазір бұл бағдарламаның тиімділігін арттыру қолға алынуда.Үкімет ұсынған жеңілдіктердің ішінде Астана мен Алматы қалалары үшін шектік соманы 20 миллион теңгеден 30 миллион теңгеге дейін өсіру секілді бастама да бар. Айта кету керек, былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотеканы пайыздық жарнасын субсидиялау бағдарламасы басталған. Ол бойынша ипотека 10 пайызға дейін төмендетілді. Алайда,  қосымша талаптардың күрделілігінен және өзге де себептермен бағдарламаға сұраныс аз болды. Бұл мәселені өткен аптадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент министрлікке тағы да тапсырды.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

 - Былтыр 8000 ипотеканы субсидиялаймыз дегенбіз, оған жеткен жоқпыз. Сол себепті бірталай ақша қайтадан бюджетке қайтарылды. Жыл сайын өзгертулер енгізіп жатырмыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу